Харбинде қар мүсіндер көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Харбинде қар мүсіндер көрмесі ашылды

28.12.2017

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында осымен 30-шы рет қар мүсіндер көрмесі ашылды. Оны тамашалау үшін Харбин қаласына елдің түкпір-түкпірінен талай тұрғын мен турист жиналып жатыр.

Мұнда басты экспозиция – екі қолын көтеріп тұрған мәнерлеп сырғанаушы әйел. Осы мүсін арқылы ұйымдастырушылар адамдардың Қысқы және Паралимпиадалық ойындарды тағатсыздана күту сәтін бейнелемек болған.  Оның ұзындығы - 300, биіктігі - 35 метр. Сонымен қатар, мұнда өзге де өнер туындыларын көруге болады.

Ескерткіштерді тұрғызуға 60 мың текше метр қар мен 500-дей суретші маман тартылды. Олар ақ қалашықты салу үшін 20 градус суықта он күн бойы жұмыс істеген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу