Бүгін Куала-Лумпурда 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Куала-Лумпурда 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады

31.07.2015
Бүгін Куала-Лумпурда 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады

Бүгін Куала-Лумпурда (Малайзия) ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықтайды.

Қысқы Олипиаданы өткізуге Алматы мен Бейжің өтініш білдіріп отыр. Алғашқы болып Алматы қаласының өтініші таңғы сағат 8:30-9:30 аралығында, ал Бейжіңдікі 09:55-10:55-те өтеді.

Сонымен қатар, Астана уақыты бойынша күндізгі сағат 15:30-да 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықталады.

Айта кетейік, Куала-Лумпурда өтетін барлық шараны «KAZsport» телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

08:30. ОЛИМПИАДА-2022. Алматы қаласының презентациясы. Тікелей эфир

09:55. ОЛИМПИАДА-2022. Бейжің қаласының презентациясы. Тікелей эфир

15:30. ОЛИМПИАДА-2022. 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықтау рәсімі. Тікелей эфир

Хабарламаларға жазылу