Стокгольм Олимпиада өткізуден бас тартты
Стокгольм 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты. Бұл туралы «Швеция үшін альянс» билеуші коалициясына кіретін партия өкілдері мәлімдеді.
Партия мәлімдемесінде «Жарыстарды ұйымдастыру жаңа спорт құрылыстарын салу орасан инвестиция салуды талап етеді. Ойындар аяқталғаннан кейін олардың қажеті болмай қалады», делінген.
Бұдан бұрын Христиандық демкократтар, Солшылдар партиясы және Либеральдық партия дәл осындай мәлімдемелер жасаған болатын.
Ал 2013 жылғы қарашада Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада-2022 үшін алты қала үміткер екенін хабарлаған-тын. Ендігі үміткер қалалар - Бейжің, Осло, Алматы, Львов және Краков.
2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылы 31-шілдеде жарияланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29