Перудің Амазон аймағында зілзаладан ондаған үй қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің Амазон аймағында зілзаладан ондаған үй қирады

29.11.2021

Перудің Амазон аймағында қуаты 7,5 баллдық жер сілкінісі болып, 75 үй қирады. Дүмпу мемлекет астанасы Лимада да сезілген. Оның ошағы Санта Мария де Ниева қаласынан 98 шақырым жерде анықталды. Зілзаладан ешкім қаза тапқан жоқ. Дегенмен, 4 тұрғын жараланған.

Жер тербелісін Перудің орталық және солтүстік аудандарының халқы да сезгенін айтып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу