Ауғанстанда зілзаладан 20 ауылда мыңдаған үй қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда зілзаладан 20 ауылда мыңдаған үй қирады

10.10.2023

Ауғанстанның батысында сенбі күні болған жер сілкінісінен 20 ауылда 2 мыңдай үй толық қираған. Мұны осы елдің Апатпен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Оның сөзінше, 2 жарым мыңға жуық адам қаза тапты. Олар қазір Герат провинциясында жаппай жерленіп жатыр. Сонымен қатар, мыңдаған тұрғын жараланды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 6,3 баллдық зілзаладан зардап шеккен аудандардағы іздеу-құтқару операцияларына мыңнан астам адам тартылып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу