Чемпионат өтетін қалада лай көшіп, ондаған үй қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпионат өтетін қалада лай көшіп, ондаған үй қирады

16.06.2014
Чемпионат өтетін қалада лай көшіп, ондаған үй қирады
Бразилияда Әлем чемпионаты кезінде футбол матчтарын қабылдайтын Натал қаласында лай көшіп, 25 үй түгелдей қирады.
 
Сонымен қатар, талай жол бұзылған. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы хабар түскен жоқ. Лайдың көшіп, судың тасуына 48 күн бойы тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп.
 
Баспаналарынан айырылған тұрғындар мектептер мен шіркеулерге орналастырылды. Қазір апат жайлаған кварталдар қалпына келтіріліп жатыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу