Оралда каратэдан өткен ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда каратэдан өткен ел чемпионаты аяқталды

29.11.2021

Оралда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай каратэдан балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Дүбірлі додада еліміздің барлық аймағынан келген 640 спортшы бақ сынады. Қорытындысында Маңғыстау облысы 28 алтын, 16 күміс, 23 қоламен бірінші орынға шықты. Өңірде 3 мыңға жуық спортшы каратэмен айналысады. Оларға 24 бапкер тәлім береді.

Ернұр Төребек,  жеңімпаз:
Осы каратэге 11 жасымнан бастап қатысамын. Жетістіктерім өте көп. Осы жарыста 1-орын алдым. Жарыс өте қызықты, тартысты болып жатыр. 

 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу