Кикбоксингтен ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кикбоксингтен ел чемпионаты аяқталды

31.03.2014
Кикбоксингтен ел чемпионаты аяқталды

Қызылорда қаласында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл сынға еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт және К1 жүйелері бойынша өтті.
 
 Ел чемпионатының қортындысы бойынша жеңімпаздардан ұлттық құрама сапы жасақталады. Спортшылар мамыр айында Венгрияның Сегед қаласында өтетін әлем кубогы бәсекесіне қатысуды жоспарласа, одан кейін кикбоксшылар маусымның 21 мен 28 аралығында Иорданияның Амман қаласындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу