Оңтүстік Кореяда оқушылар 2020 жылдың басынан бері алғаш рет мектептерге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда оқушылар 2020 жылдың басынан бері алғаш рет мектептерге оралды

22.11.2021

Оңтүстік Кореяда оқушылар 2020 жылдың басынан бері алғаш рет мектептерге оралды. Өйткені бүгіннен бастап бүкіл ел аумағында онлайн оқу тоқтатылды. Бұл шешім «COVID-19-бен бірге өмір сүру» жоспары аясында қабылданып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, Оңтүстік Корея халқының 78,8 пайызы толық вакциналанды. Дегенмен оқушылар сабаққа маска тағып бару және әлеуметтік алшақтықты сақтау ережелерінен босатылған жоқ.

Айта кетсек, өткен бейсенбіде бұл мемлекетте ковид 3300-ге жуық адамнан табылса, жексенбіде бұл көрсеткіш 2800-ге дейін азайған. 

Хабарламаларға жазылу