Амазон орманы соңғы 15 жылда ең көп оталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амазон орманы соңғы 15 жылда ең көп оталған

19.11.2021

Бразилияда Амазон орманының оталу деңгейі бір жылда 22 пайызға артқан.

Мұны елдің Ғарыштық зерттеулер агенттігі мәлімдеп отыр. Соңғы деректерге қарағанда, 2020-2021 жылдар аралығында жасыл желектің 13 мыңнан астам шаршы шақырым аумағы жойылған. Бұл - соңғы 15 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Айта кетсек, Амазон тропикалық орманында өсімдіктер мен аңдардың 3 миллиондай түрі бар. Бұған қоса, бұл жерді 1 миллиондай байырғы тұрғын мекендейді. «BBC»-дің мәліметінше, ағаштардың көптеп кесілуіне Бразилияда соңғы кездері ауылшаруашылығы мен тау-кен өндірісіне көп көңіл бөлінуі себеп. Ал, осы айда өткен Климаттық саммитте Бразилия 2030 жылға таман ормандардың оталуын тоқтатуға уәде берді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу