Шәкен Аймановтың туғанына -100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Аймановтың туғанына -100 жыл

15.02.2014
Шәкен Аймановтың туғанына -100 жыл
 
 
Алдында Қажымұқаным, кейіннен Тайлағым дейтін болды. Сонымен Тайлақ болып жүрдік. Съемкада мүлдем айқайламайтын, ақылын айтатын, сондай ұлы адам. Мәдениеті өте зор.
Тарих бетін парақтасақ, Шәкен Аймановтың танымал өнер иесі болатыны бала күнінде байқалған. Екі қолын, екі аяғын сабалап, Баянауыл жұртын Алдардың әндерімен оятады екен. Тума таланттың қарымы кейін Алматыдағы драма театрда жалғасты. Сол кезде Ақан сері, Қобыланды, Отелло бейнелерін аса зор актерлік шеберлікпен сомдады. 1953-1970 жылдары «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарған тұста, қазақ кино өнерін шарықтатты.
Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:
 
Эпизодтарды түсіріп жатқан кезде киноның қалай болатынын, немен бітетінін алдын-ала біліп отыратын. Ол кісінің кереметтілігі сол еді. Сондықтан Шәкен ағаның киноларын көріп содан үлгі алу керек.
Елінің асыл перзентін бүгін қазақ киносының майталмандары, киногерлер мен жас актерлер еске алды. Зиратына барып, рухына тағзым етті. «Қазақфильм» ұжымы Шакен Аймановтың шығармашылығын насихаттайтын шаралардың республиканың әр өңірінде жалғасатынын жеткізді.  Қазір ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен дарынды тұлғаның дауысы жазылған үнтаспасы бар екі томдық кітаппен деректі фильм әзірленуде.
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу