«Қазақфильм» жаңа маусымын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақфильм» жаңа маусымын ашты

16.02.2024

«Қазақфильм» киностудиясы Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай жаңа маусымын ашты. Салтанатты шараға кино саласының майталмандары қатысты. Ұйымдастырушылар ұлттық мәдени мұраларды сақтау, дәстүрлі киноның шекарасын кеңейту басты мақсатымыз дейді. Жиында киностудия өкілдері келушілерге бірегей ой мен идеяға негізделген 10 шақты жобаны таныстырды. Бұл туындылар Қазақстанның әлемдік кино саласындағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына маңызды үлес қоспақ. Сондай-ақ, шараға жиналған сала мамандары отандық киноиндустрияны одан әрі дамыту мәселесін талқылап, идея алмасты.

Азамат Сатыбалды, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ақ президенті:

Биыл түсірілетін киноларды жеткізу. Көрермен бізден не күтеді? Қандай кинолар болашақта түсіріледі? Қандай жобалар болады? Соның барлығын көрермен қазір біліп отыруы үшін біз арнайы осындай маусымашар жасап отырмыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу