Алматыда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтті

09.12.2014
Алматыда Шәкен Аймановты еске алу кеші өтті

Салтанатты кеште Шәкен Аймановтың сомдаған рөлдері көрсетілді.

Шәкен Кенжетайұлы -  қазақ кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі. «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Алдар көсе», «Атамекен» сынды туындылары халық арасында бүгінге дейін жоғары бағасын алып келеді.

Кеш соңында кино өнерінің шамшырағына айналған тұлғаны өнерін жалғастырушы шәкірттері құрметпен еске алып, өнегелі өмірінен естеліктер айтты.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу