Жамбыл облысы: Дауыл салдарынан 5 тұрғын үйдің шатыры ұшып, 32 бағдаршам істен шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы: Дауыл салдарынан 5 тұрғын үйдің шатыры ұшып, 32 бағдаршам істен шыққан

17.11.2021

Жамбыл облысында да дүлей дауыл соғып, тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Бірнеше елдімекен көгілдір отынсыз қалды. Қазір өңірдегі әріптесім Нұрдос Сембеков байланыста тұр, Нұрдос, зардап шеккендер бар ма, қазір жағдай қалай?

Нұрдос Сембекұлы тілші:
Қазір Тараз қаласында жел басылды. Бірақ дауылдың салдарынан біраз шығын бар. 5 тұрғын үйдің шатыры ұшып, 10 электр бағанасы құлады. Ағаштар құлап, 32 бағдаршам істен шықты, 12 аялдама қирады. Түрлі дене жарақатымен 28 адам дәрігерге жүгінген. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан жойқын жел қозғалысты қиындатып, алыс-жақын аудандарға баратын жолдар жабылды. Екпіні қатты дауылдан бірнеше елдімекен газсыз қалды. Қазір мамандар желіні жөндеп жатыр. Шығын есептелуде.
Асхат Есенәлиев, қала әкімінің орынбасары: 
Зардап шеккен көліктер, жеке үйлердің шығыны зерттеліп, есептеп соған байланысты қаражат бөлінеді. Ал көліктердің, сақтандыру қағазы болуы керек.

Қазір қаланың тазалық жұмыстарына «Жасыл ел - Тараз» серіктестігінің 6 бригадасы жұмылдырылған. Қаладағы коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

 Нұрдос Сембекұлы

Хабарламаларға жазылу