Түркістан облысындағы боран: Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Түркістан облысындағы меншікті тілшіміз Айнұр Ақбаева облыстағы жағдайды баяндауға әзір.
Айнұр Ақбаева, тілші:Түркістан облысының орталығы мен сегіз ауданында әлі де ауа райы қолайсыз болып тұр. Түлкібас, Төлеби, Созақ, Бәйдібек аудандарында таңертеңнен бері қатты боран соғып, соңы қарға ұласты. Тіпті ақтүтек бораннан Түлкібас ауданында жол көрінбей қалды. Сондықтан Жамбыл облысымен шекаралас Машат ауылына дейінгі күре жол жабылды. Мұнда автокөліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды. Бәйдібек пен Созақ аудандары арасындағы жол қатынасы да тоқтатылып, Шолаққорғаннан Ащысайға дейінгі жолдар жабылды. Өңірде Түркістан қаласы мен 8 аудандағы 46 елдімекенде электр желілері үзіліп, жарық сөніп қалды. Қазығұрт асуында да жол жүру біршама қиындық туғызуда. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Арнайы штаб құрылып, жергілікті тұрғындарға алыс сапарларға шықпау керектігі ескертілуде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08