Түркістан облысында қарлы боран соғып, 44 елдімекен жарықсыз қалды
Түркістан облысында күн күрт суытып, қарлы боран соқты. Салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
Қатты жел мен дауыл салдарынан бүгін Машат тау шатқалынан Жамбыл облысына дейінгі және Бәйдібек пен Созақ аудандары арасындағы жол қатынасы тоқтатылды. Сондай-ақ Шолаққорғаннан Ащысайға дейінгі жолдар жабылды. Өңірде Түркістан қаласы мен 8 аудандағы 44 елдімекенде электр желілері үзіліп, жарық сөніп қалды. Қазығұрт асуында да жол жүру қиындық туғызуда. Дегенмен мұнда жол жабылған жоқ. Тас жолға тұз бен құм себіліп, арнайы техника таңертеңнен бері жолды тазартып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Ауа райының өзгеруіне байланысты ТЖД базасында облыстық штаб құрылды. 1 қала, 8 ауданда электр жарығы өшкен және жолдардың жабылған аудандарда штаб құрылып, жұмыстар жүргізілуде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01