Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды
Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл мәселе бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланып, екі елдің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім ратификацияланды. Парламенттен тікелей эифрге тілшіміз Берік Көшербай қосылды.
Берік Көшербай, тілші:Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе рейстерін 2025 жылдан бастап ашу жоспарланып отыр. Оған дейін біздің жақтан таңдалған әуе компаниялар авиа қауіпсіздік сертификатын және ұзаққа ұша алатын самолеттерді лизингке сатып алу шаруасымен айналыспақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұл ер тарихындағы алғашқы ашық аспан режиміндегі келісім екенін атап өтті. Жалпы, соңғы 2-3 жылдағы статистика бойынша, жыл сайын Америка Құрама Штаттарына Қазақстаннан 160 мыңнан астам барып қайтады. Ал енді тікелей әуе рейстер ашылса жолаушыларға ақша мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады. Екі ел арасында туризм дамып, сауда-саттық деңгейі де тың серпін алатыны айтылды. Мәжіліс депутаттары тиісті Заң жобасын қабылдап, Сенат қарауына жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12