Шортандыдағы жарылыс: Жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы ауыр
Ақмола облысының Шортанды кентінде газ жарылып, 3 адам көз жұмды. Тағы 10 адам зардап шекті. Өңірдегі әріптесім Ермек Елберген қазір байланысқа шықты.
Ермек Елберген, тілші:Жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың екеуі Шортанды аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайлары тұрақты. Ал 4 бала мен 2 ересек адам Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына шұғыл жеткізілді. Олардың бәрі жансақтау бөлімінде жатыр.
Нариман Сыздықов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Жансақтау бөлімінде жатқан балалардың жағдайы ауыр. 2009 және 2012 жылы туған екі баланың жағдайы аса ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппараттына қосылған. Денелерінің 90 пайызын күйік шалған.
Ермек Елберген, тілші:Жеңіл жарақат алған екі адам амбулаторлық ем қабылдауда. Белгілі болғаны - жарылыс болған үйде 7 адамнан тұратын отбасы өмір сүрген. Қалғандары қонаққа келген. Оқиға орнынан бір баланың және 2 әйелдің денесі табылды. Мамандар жарылыстың себебін анықтауда. Болжам бойынша үй иесі газды дұрыс қолданбаған. Сараптама жүргізіліп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01