«Жолдағыға жанашыр бол» акциясы басталды
Еліміздің ірі қалаларында «Ауыл» партиясының қолдауымен «Жолдағыға жанашыр бол» акциясы басталды. Онда қара суықта жолда қалып қойған қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналарды діттеген жеріне тегін жеткізеді. Игі іске партия мүшелерінен бөлек, волонтерлер де жұмылдырылған. Ұзын саны 60-қа жуық көлік бір ай бойы көмекке мұқтаж жандарды баратын жеріне тегін жеткізеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шара Алматы және Шымкент қалаларында да жалғасады.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясының хатшысы:Күн суық, көлік кейде тоқтап қалады. Осындай уақытта әр адам жолаушыны алып, жанашыр болуына болады. Қайырымдылық жасау - кез келген адамның қолынан келетінін көрсетуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01