Ақтөбелік шаруалар талап-тілектерін жеткізді
Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар мен басқада заңнамалық құжаттар фермерлермен бірге талқылынып барып қабылдануы керек. Ақтөбеде бірнеше облыстың шаруалары жиналып, талаптарын жолдады. Олар лизинг және несиелердің үстемесін 5-6 пайыздан асырмауды, мемлекеттен бөлінетін қаражатты тікілей Қаржы институттарына төлеуді сұрап отыр. Шаруалардың басқа да талап-тілектерін әріптесім Жақсыбек Кемал жеткізеді.
100-ге жуық фермердің талабы бір – Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жобаны бірге талқылап, ортақ келісім жасап барып қана қабылдау керек . Сондай-ақ, министірліктің және «Бәйтерек» ұлттық холдингінің қоғамдық кеңесіне әр облыстан фермерлерді қосуды сұрайды.
Талғат Байкенов, шаруа қожалығының төрағасы:5 жылдық жобаны шаруалармен талқыламай, министрліктің жоба жазуы, шаруа қожалықтарымен қатынасы жоқ. Анда-мында кетпейтіндей нақты шаруа қожалықтарының өздеріне тиесілі берілген субсидияны ауыл шаруашылығын дамытуға берілуі керек.
Шаруалар ақпараттық талдау және қолдау жүйелерін біріктіруді сұрап отыр. Сондай-ақ, субсидия бағдарламаларына өзгеріс енгізіп, түрлі салаға бірдей төлеуді қарастыру қажет дейді. Фермерлер қаржыға шағын және орта шаруашылықтардың қолы жетпей отырғанына наразы. Мәселен, Ақтөбе облысында ірілі-ұсақты 8 мыңдай шаруашылық болса, соңғы екі жылда оның 2 мыңдайы ғана қолдау көрген. Басқа облыстарда көрсеткіш тіпті төмен.
Қуаныш Түсіпов, Қарағанды облысы «Ұлытау» фермерлер қауымдастығының төрағасы:Бізге биыл ғана жем-шөпке субсидия бөлінді. Оның ішінде не жылқы, не қой, малы да жоқ. Тек ірі қараға. Барлық бөлінген ақшасы 200 млн. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы бойынша 1200 шаруа қожалығы бар. Енді бір малға 200 млн 5 мың теңгеден шығады.
Ел ішінде асыл тұқымды малды сатып алған кезде төленетін субсидияны шет елден әкелінген малға берілетін көмек қаржымен теңестіру қажет деп санайды. Сондай-ақ, көкөніс, картоп пен біржылдық және көпжылдық егістікке төленетін демеу қаржыны қайтаруды сұрайды.
Панабек Бимұратов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:Жергілікті атқарушы органға тіреліп тұрған 1-2 сұрағымыз бар, біз оны шешіп жатырмыз. Негізгі сұрақтың көбі - Үкіметке, Ауыл шаруашылығы министрлігіне. Енді алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі өздерінің ұсыныстарын айтатын болар.
Шаруаларды жанармай бағасы да алаңдатып отыр. Отандық техниканың бағасына бақылау болса деген тілек бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мамандарының арнайы статусын қабылдауды сұрайды.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
