Экономика қайта өсім жолына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономика қайта өсім жолына түсті

15.11.2021

2021 жылғы қаңтар-қазанда еліміздің экономикалық өсімі 3,5% құрады. Цифрлық үкімет кеңсесінде келтірілген деректер бойынша, нақты сектордағы өсім 2,9% құрады. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша, фармацевтикалық өнім өндіру - 33,6%-ға, машина жасау - 19,5%, оның ішінде автомобиль жасау - 23,4%, вагондар мен локомотивтер өндірісі - 59%, сондай-ақ құрылыс материалдары - 9,3%, киім-кешек - 11,4% және жиһаз - 11,8% деңгейінде серпінді өсім көрсетті.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,6%-ті құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде.


Хабарламаларға жазылу