Елордада Астана клубының алтыншы отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Астана клубының алтыншы отырысы басталды

15.11.2021

Бүгін елордаға әлемнің жетекші сарапшылары мен саясаткерлері және бірнеше мемлекеттің бұрынғы басшылары келді. Олар дәстүрге айналған «Астана клубының» 6-отырысына қатысады. 

 Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Белді сарапшылардың басын қосатын Астана клубының биылғы басты тақырыбы - пандемиядан кейінгі жаңа әлем. Былтыр жиын осы жаһандық індеттің салдарынан өтпей қалған еді. Биыл қайта жанданып отыр. Жалпы, Астана клуб 3 күн қатарынан өтпек. 20 шақты мемлекеттен келген спикерлері сөз сөйлейді. Олардың қатарында экс мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының иегерлері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар. Мәселен, Бельгия, Грузия, Словения, Түркия, Ауғанстан секілді елдердің бұрынғы басшылары ойларын ортаға салады. Келелі жиын әлемдегі өзекті мәселелерді талқылау орны ғана емес, маңызды мәселелердің шешу жолы айтылатын салмақты алаң ретінде танылып үлгерген.

 Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Жиында сондай-ақ жаһандық қауымдастықтың экономикалық дағдарыстан шығу мүмкіндігі, Ауғанстан болашағы және алдағы онжылдықта Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретіндегі рөлі сынды тақырыптар талқыланады. Сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы сессия өтеді деп жоспарланған. Үш күннің ішінде Astana Club аясында 15 кездесу жоспарланған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша Клубтың пленарлық отырысына қатысады деп күтіліп отыр. Онда «Үлкен Еуразия: болашақ әлем» тақырыбы қозғалады.


Хабарламаларға жазылу