Төл теңгемізге – 28 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төл теңгемізге – 28 жыл

15.11.2021

Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Алғаш 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертеңінде қазақ валютасын сызған суретшілер Англияға аттанды.1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 93-жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы айналымға енді. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған. Дегенмен еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге - 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар - 4,75 теңге болып бекітілді.

Банкноттар - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленген.


Хабарламаларға жазылу