Елордаға Pfizer екпесі жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға Pfizer екпесі жеткізілді

12.11.2021

Елордаға Pfizer  екпесі жеткізілді. Енді келесі аптадан бастап балалар мен жүкті әйелдерге және бала емізіп жүрген аналарға екпе салына бастайды. Иммундау шаралары тек ерікті түрді келісіммен жүргізіледі. Раушан Сайлауқызы толығырақ.

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
 6587 Елордаға тиесілі Pfizer  екпелері екі мұздатқышта сақтаулы. 35000 доза шамамен. Бұл екпенің ерекшелігі сақталуында. Яғни салқындығы -60 -80 градус болу керек. Бұдан шығарылып, жібітілсе жарамдылығы бір ай ғана.

Екпе емханаларға арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.. 1 флакон 0,3 мл-ден 6 адамға салынады. Қалада екпе салу санатына жататын 63 мың бала бар. Оларды вакциналау шаралары клиникадан гөрі мектепте ыңғайлы дейді, мамандар. Әйтсе де ата-ана емханада салдыруды қаласа, өз еркі. Екпе салдырмас бұрын, үлкендердің жазбаша келісімі керек.

Айжан Амангелдиева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалар денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы:
Вакцинациялау ата-аналардың заңды өкілдерінің рұқсатымен салынады. Екпе екі этаптан тұрады. Алғашқысын салғаннан кейін екіншісін 21 күнде салдырады. Мөлшері 0,3 мл.

Сондай-ақ жүктілік мерзімі 16 аптадан асқан 5000-нан аса келіншек иммундау шарасына қатыса алады. Емізулі баласы бар әйелдерге босанған соң 42 күннен кейін рұқсат етіледі. Олардың саны 28 мыңға жуық

Әйгерім Лебаева, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ана мен босандыру бөлімінің басшысы: 
Бірінші екпе алар кезде терапевт немесе ВОП-қа қаралады. Егерде қарсы көрсеткіштер болса аллергиялық реакциялар немесе жүктіліктің ауыр өтіп жатқаны онда екпе салынбайды.

Pfizer екпесі тек балалар мен аналарға ғана салынады. Өзге санаттағы азаматтарға бұл екпе бұйырмайын деп тұр. Екпені елге жеткізу кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Екі компонентпен барлығын қамту үшін қалаға 239 мың Pfizer  дозасы қажет.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу