Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілді

11.11.2021

Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілді. Коронавирусқа қарсы екпенің 379 мың дозасы тиелген ұшақ кеше түнде Алматы халықаралық әуежайына қонды. Вакцина келмей тұрып, -90 градус температураға дейін суыта алатын тоңазытқыштар дайындалған. Екпенің 46 мың дозасы Алматыда қалса, қалғаны басқа өңірлерге таратылады. Жалпы, препараттың 4 миллион 230 мың дозасы сатып алынды. Қалған партия алдағы апталарда жеткізіледі.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ету мақсатында Pfizer вакцинасының сатып алғанын хабарлаған еді. Бұл екпе 2 млн 115 мың адамға салуға жетеді.

Әйгерім Смаилова, «СҚ-Фармация» ЖШС өкілі:

Қажетті көлем сатып алынды. Сонымен қатар Pfizer компаниясы Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде арнайы сайт ашылды. Бұл сайтта вакцинаға қатысты барлық ақпарат орналастырылған. Оның ішінде тасымалдау, жеткізу және екпе туралы ақпараттар бар. 


Хабарламаларға жазылу