Ақтау қаласына «Pfizer» вакцинасының 35 100 данасы жеткізілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласына «Pfizer» вакцинасының 35 100 данасы жеткізілген

22.11.2021

Батыс Қазақстанға 29 мың дана «Pfizer» екпесі келіп, вакцина алуы тиіс тұрғындарға салына бастады. Аймақтағы медициналық колледжде 18 жасқа толмаған 370 жасөспірім оқиды. Бүгін солардың бірқатары ата-анасының келісімімен екпе алды. Сенбіден бері 11 жүкті және емізулі сәбиі бар 150 әйел салдырған.

Сымбат Байғұтты, студент:
Барлығы да жеңіл, жақсы өтті. Әркім өз денсаулығының кепілі. Денсаулығымызды сақтап, компонентті алып шықтық. Бәрі жақсы.

Ақтау қаласында да коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салына бастады.  Екпе ерікті түрде 1-ші   емханада салынып жатыр. Алғашқы дозасын алғандар 21-28 күннен кейін екіншісін алады. Жалпы өңірге «Pfizer»-дің 35 100 данасы жеткізілген.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу