Қазақстанға қытайлық «CoronaVac» екпесі жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға қытайлық «CoronaVac» екпесі жеткізілді

01.06.2021

Қазақстанға қытайлық «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы келді. Екпенің 500 мың дозасы Бейжіңнен Алматыға жеткізілді. Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтика компаниясы өндірген. Бұл елімізде вирусқа қарсы қолданылатын төртінші препарат. Вакцина қолданыстағы қазақстандық және ресейлік екпелермен қатар барлық егу пункттерінде қолжетімді болады. Қытайлық вакцина белсенді емес. 14-28 күн аралығымен екі рет егіледі. Жалпы Қазақстан азаматтарының екпеге сенімі артып, вакцинациялау қарқыны өскен.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Ай сайын егіліп жатқан адамдардың саны көбеюде. Соған байланысты, менің ойымша, вакцина алуға деген, вакцинаның қауіпсіздігіне деген сенім уақыт өткен сайын артуда.

Атырауға отындық QAZVAC вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Оның 400 дозасы Теңіз мұнай кен орнына, қалғаны емханаларға беріледі. Өңірде өткен тәулікте 800-ге жуық тұрғын вакцина алды. Бірінші компонентті қабылғандардың саны 56 мыңнан асты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу