Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке құрмет көрсетілді

12.11.2021

Белградта өткен бокстан Әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіповке көкшеліктер құрмет көрсетті. Спортшы - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылының тумасы. Әлем чемпионына облыс орталығынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, 5 миллион теңге берілді. Ал жеке бапкері Қуанышбай Қоқышевқа 2,5 миллион теңге сыйақы тағайындалды.

Теміртас Жүсіпов - жас жерлестеріне үлгі. Ол 33 жасында әлем боксшыларын мойындатып, алтыннан алқа тақты. Теміртас бокстан ерлер арасында Ақмола облысынан шыққан алғашқы Әлем чемпионы.

Теміртас Жүсіпов, бокстан Әлем чемпионы:

Жанкүйерлердің қолдауы спортшылар үшін өте маңызды. Мен Белградта қазақстандықтардың, оның ішінде жерлестерімнің қолдауын сездім. Хабарламалар да келіп жатты. Барлығына алғыс білдіремін. Спортқа, боксқа көмек жақсы. Сондықтан ерінбей еңбек ету керек. Баршаңызға рахмет.


Хабарламаларға жазылу