Александр Колядинге жерлестері құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Колядинге жерлестері құрмет көрсетті

27.03.2018

Пхенчхан қаласындағы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның қысқы спорт тарихында тұңғыш рет чемпион атанған Александр Колядин елге оралды. Бүгін оның жерлестері Қостанай әуежайына жиналып, ыстық ықыласпен күтіп алды. Бір жарым шақырымдық қашықтықта алдына жан салмай тұғыр төрінен көрінген паралимпиадашыға лайықты құрмет көрсетілді. Ол өзінің жерлестері, сарыкөлдіктерді көріп қатты қуанды. 45 жастағы атлетке Қостанай облысы атынан өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жаңа пәтердің кілтін табыстады. Жанкүйерлерімен кездесу барысында Александр алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның ендігі мақсаты, Әлем чемпионы атану екен.

Александр Колядин, Паралимпиада чемпионы:

- Сәл тынығып алған соң қайта жаттығуларға кірісемін. Сәтін салса, келесі Паралимпиада ойындарына қатысуды жоспарлаймын. Бүгін ауылдастарымды көргеніме қуаныштымын, мен оқитын колледж ұжымына көп рахмет. Олар мені әркез қолдап отырды.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу