Теміртас Жүсіпов жекпе-жекте есе жіберіп алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртас Жүсіпов жекпе-жекте есе жіберіп алды (ВИДЕО)

22.02.2014
Теміртас Жүсіпов жекпе-жекте есе жіберіп алды (ВИДЕО)
Дүниежүзілік бокс сериясының аясында «Астана арландары» Гаванада жергілікті «Куба Домадорес» командасымен кездесуде. Шаршы алаңға алдымен жеңіл салмақтағы боксшылар көтерілді. Қазақстандық команданың бас бапкері Сергей Корчинский бұл жекпе-жекте Теміртас Жүсіповке сенім артты. Бұл - жас боксшының «арландар» сапындағы алғашқы жекпе-жегі.
 
Теміртас Жүсіпов - Иорданияда өткен Азия чемпионатында бас жүлде алған боксшы. Ал оның қарсыласы – Йосбани Вейтиа қазақ жанкүйерлеріне етене таныс. Кубалық боксшы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Біржан Жақыповтан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
 
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Йосвани Вейтианың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, екі команда да плей-офф жолдамасына ие. Олар турнир кестесіндегі бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр. 

Хабарламаларға жазылу