WSB. Теміртас Жүсіпов «Baku Fires» боксшысынан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Теміртас Жүсіпов «Baku Fires» боксшысынан басым түсті

26.04.2014
WSB. Теміртас Жүсіпов «Baku Fires» боксшысынан басым түсті
Қазақстандық команда сапынан бұл жекпе-жекке Теміртас Жүсіпов шықты. Теміртас осы уақытқа дейін екі жекпе-жек өткізген. Кубалық  Йосбани Вейтамен болған текетіресте ұпай санымен ұтылса, кейін румын Овидиу Берцянуден (Team Germany) басым түсті.
 
«Астана арландарының» бас бапкер Сергей Корчинский соңғы кездері бұл салмақта Теміртас Жүсіповке сенім артып келеді. Ол бұл жолы да алдын-ала тізімде болған Мардан Берікбаевты алмастырды. Дегенмен Мардан бұл маусымдағы жекпе-жектерінің барлығын жеңіспен аяқтаған еді.
 
Теміртас Жүсіповке бүгінгі жекпе-жекте Хамза Наметов қарсылас атанды. Айта кетейік, әзірбайжандық боксшы Алматыда өткен топтық бәсекеде «арландардың» намысын қорғаған Әнуар Мұзафаровты жеңген еді.
 
Сол қателікті бүгінгі кездесуде Теміртас түзетуге тырысты. Бұл маусымда төрт рет шаршы алаңға шығып, үш рет жеңіске жеткен Хамза Наметов те осал боксшы емес. Дегенмен, жанкүйерлерден қолдауымен алға ұмтылған қазақ боксшысы жекпе-жекті өз пайдасына шешіп, «Астана арландары» кездесуде алға шықты.
 
Енді шаршы алаңға 56 келіде Мәди Шолақов, 64 келіде Асхат Уәлиханов, 75 келіде Сергей Деревянченко, 91 келіде Василий Левит шығады. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетуде. Сонымен қатар,www.kazsporttv.kz  сайты арқылы онлайн-трансляция  тамашалауға болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Baku Fires» бұл маусымда топтық бәсекеде кездескен еді. Қазақстандық команда Алматыда өткен жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіске жетсе, Бакуде өткен кездесу дәл осындай есеппен алаң иелерінің пайдасына шешілген еді.

Хабарламаларға жазылу