Мұқағали жырлары қалықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали жырлары қалықтады

07.02.2014
Мұқағали жырлары қалықтады
9 ақпан – «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Бүкіл саналы өмірінде халқына деген махаббатын поэзиямен паш еткен Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc.
 
Бүгін Астанадағы «Абай нұры» өнерлі жастар клубы ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырды. Өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған талантты тұлғаның өмір жолын өскелең ұрпақтың бірі білсе, бірі біле бермейді.
 
Сондықтан, кешке ақынның көзін көрген, дәмдес болған жандар жиналды. Естеліктерімен бөлісті. Ал, жас буын қаламгерге арнаған шығармаларын орындады.
 
Алмахан Мұхаметқалиқызы, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры:
Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған жаңа әндер бар. Жас ақындардың Мұқағалиға жазған өлеңдері бар. Яғни, Мұқағалиды оқитындардың қатары қаншалықты көп екенін анықтау. Мұқағалидың шығармашылығына, Мұқағалиды іздеушілердің шығармашылығына қосылып жатқан тың дүниелерді анықтау. Басты мақсат – осы.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу