«Таңшолпан». 9 ақпан – «ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 9 ақпан – «ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаевтың туған күні

08.02.2018

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали - қазақтың қарапайым тілінің мәні мен нәрін оқырманға жеткізіп кекен ірі тұлға. Бүгін - поэзия ақтаңгерінің туған күні.Оның жырлары оқырманның жүрегінде мәңгілікке сақталған.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Ақын үйдің тұңғышы. Қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен. Әкесі майданда қайтыс болған. Осылайша, бала Мұқағали әжесі Тиіннің тәрбиесінде болады.

Ақынның әдебиетке деген қызығушылығы бала күнінен басталады. Ал, өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Олар отбасын құрғанда Мұқағали 17 жаста, Лашын 21 жаста болған екен. Ақынның көзі тірісінде 6 жыр жинағы жарық көрді. Оның өлең, жыр, поэма, толғау, пьесалары, романдары мыңнан астам.

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу