Қазақстанда күріш бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда күріш бағасы арзандады

09.11.2021
0:00:00
0:00:00

Қазақстанның 13 өңірінде күріш бағасы арзандады. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елде 164,9 мың тонна күріш өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10% көп.

Өндіріс бойынша келесі өңірлер алда келеді:

Қызылорда облысы – 150,5 мың тонна, бір жылда 5% өскен;

Түркістан облысы – 7,5 мың тонна;

Алматы облысы – 6,9 мың тонна.

Жалпы 2020 жылы 200,8 мың тонна күріш өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,1% көп.

Отандық өндіріс көлемі өскендіктен, импорт бір жыл ішінде 3,4 мың тоннаға қысқарды. Керісінше күріш экспорты 7,6% өсті. Экспорттың жалпы көлемі 45,5%. Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Осы жылдың қазан айында дүкендерде күріштің килограмы 367 теңгеден сатылды. Өткен жылмен салыстырғанда бағасы 2,2% арзан. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтанда тіркелді, келісі – 465 теңге, Петропавлда – 290 теңге.

Сондай-ақ, бір жыл ішінде келесі өңірлерде бағаның өскені байқалды:

Атырау облысы – 6,2%;

Қарағанды облысы – 6%;

Маңғыстау облысы – 4,2%;

Нұр-Сұлтан – 0,7%.

Қалған 13 өңірде керісінше баға арзандады


Хабарламаларға жазылу