Вашингтон Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына алаңдаулы

09.11.2021

АҚШ Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына алаңдаушылық білдіріп отыр. Мұны Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби мәлімдеді.

«Біз Ресей қарулы күштерінің Украина айналасында жылжуын бақылап отырмыз. Олар онда шын мәнінде не істеп жүр? Сондықтан Мәскеуді бұл әрекетті түсіндіріп беруге шақырамыз», - дейді Құрама Штаттар қорғаныс министрлігінің өкілі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей көрші ел шекарасының жанына 90 мыңдай жауынгер жөнелткен. Алайда Кремль бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп хабарлап отыр.


Хабарламаларға жазылу