Байден Ресеймен дауда Киевке көмектесуге уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Ресеймен дауда Киевке көмектесуге уәде берді

05.04.2021

Ресеймен дауда Украинаны Америка Құрама Штаттары ешқашан жалғыз тастамайды. Мұндай уәдені президент Владимир Зеленскийге Ақ үй басшысы Джо Байден берген. «Біз Донбасстағы жағдайды бүге-шігесіне дейін телефон арқылы талқыладық», - дейді Зеленский. 

Айта кетсек, қазір Украинаның шығысындағы ахуал қайта шиеленісіп барады. Жергілікті ресейшіл сепаратистер Украина армиясымен тайталасқа дайын екенін мәлімдеп отыр. Ал НАТО мен Батыс мемлекеттері Ресей әскерінің Донбассқа жақын шоғырланып жатуына алаңдаушылық білдірді.

Мәскеу болса, аймақтағы жанжалдың ушығуы Украинаны «жоятынын» және де Ресей Солтүстікатлантикалық альянс күштерінің өз шекарасы маңына орналасуына қарсы шара қолданатынын ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу