Шетел нөмірін таққан көліктер Қазақстанда өз иесінің атына міндетті түрде тіркелу керек. Тиісті алым-салықтарды да төлеу қажет. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ресей нөмірін таққан көліктерге қатысты осылай деді. Оның сөзінше, қазір Қазақстанда ресейлік нөмірмен 210 мыңдай көлік жүр. Олардың 80 мыңы Ресейдегі тіркеуден шығарылған. Алайда біздің мемлекетте де тіркелмеген. Тіпті 600 машинаның ұрланғаны туралы анықталыпты. Жүргізушілер жақын арада көліктерін қазақстандық тіркеуге қоймаса онда темір тұлпарлары айып тұраққа қойылады.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
Қазір заңды түрде азаматтар автокөліктерді өз аттарына тіркеуі керек. Қазір мың шақты осындай жол-көлік апаты болған.