Уақытша тіркеуге алынған көліктерге сары нөмір тағылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уақытша тіркеуге алынған көліктерге сары нөмір тағылады

27.01.2020

Уақытша тіркеуіге алынған көліктерге «сары нөмір» тағылмақ. Орталық коммуникациялар қызметіне ерекше түсті нөмір мен техникалық паспорт үлгісі таныстырылды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген көліктерге тағылатын белгілер 18-деген санмен аяқталмақ. Уақытша тіркеуге тұру үшін көлік иесі жеке басы құжаты,бұрынғы нөмір, тіркеу туралы құжатты көрсету қажет. Осындай нөмір таққан көлік иелері бір жыл ішінде қайта өңдеу және кедендік баж салығын төлеуі тиіс. Егер, келер жылдың 1 наурызына дейін аталған төлемдер өтелмесе, сары нөмір мен уақытша тіркеу күшін жояды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу