Шымкентте көлігіне жалған нөмір таққан Геннадий Головкиннің жанкүйері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте көлігіне жалған нөмір таққан Геннадий Головкиннің жанкүйері ұсталды

19.03.2015
Шымкентте көлігіне жалған нөмір таққан Геннадий Головкиннің жанкүйері ұсталды

Тәртіп сақшылары рейд кезінде ерекше мемлекеттік нөмір тағылған көлікті байқайды. Ол абыр-сабырда көліктердің арасынан өтіп кеткен. Дереу нөмірі күдік туғызған көлікке іздеу салынады.

Арада 5 минут өтпей «KIA» маркалы көлік Рысқұлов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында тоқтатылған. Көліктің рөліндегі жас жігіт «нөмірдің заңды түрде шыққанын күтпей, асығыс жасатып алдым», деп ақталған.

Полиция қызметкерлері ерекше нөмір таққан көлікті ақылы айып тұрағына жеткізді. Қазір оқиға бойынша тексеру амалдары жалғасуда.

 

kz.otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу