Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеуге рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеуге рұқсат берілді

21.05.2020

Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге рұқсат беретін Үкімет қаулысы шықты. Құжатта көлік иелері жалпы соммасы 11 мың 946 теңге төлесе жеткілікті делінген. Мұндай жаңалықты естіген шетел нөмірі бар жүргізушілердің бір бөлігі қуанып, бір бөлігі күдіктеніп отыр.

1-ақпанға дейін арменядан әкелінген көліктер жаздың үш айында сары нөмір тағып үлгеруі тиіс. Оң жақ рөлділер тіркелмейді. Машинаны екінші бір адамға сатуға немесе сыйлауға болмайды. Көлік шашылып қалғанша жүре бересіз деген сөз. Бұл қаулы тек Армян нөмірлі көліктерге қатысты. Жалпы, елімізде қырғыз, ресей және т.б елдердің нөмір таққан 170 мың көлік бар.

29 ақпанда Президент шет елден жеткізілген көлік иелерінің мәселесін шешуді тапсырған. Бүгінгі қаулы сол тапсырманың нәтижесі екенін айтады сақшылар. Елімізде 3,5 миллион көлік бар. Оның 22400 мыңы армян нөмір таққан.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу