Жария лауазымды тұлғаларға қаржылық мониторинг жүргізіледі
Еліміздегі лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына заңнамалық тұрғыда бақылау жүргізіледі. Бұрын олар қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарында болмаған. Ұлттық жария лауазымды тұлғалар тізімін қаржы мониторингі агенттігі жасайды. Сенат қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңды қабылдады. Қаржы мониторингі жүргізілетін нысандар қатарына майнингпен айналысатын тұлғалар да қосылады. Олар уәкілетті органға өз қызметінің басталғаны туралы ескертуге міндетті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру қоғам мен мемлекет үшін қауіп тудыратыны анық. Сол себепті, осы қылмыстарға қарсы іс-қимылдардың тиімділігін арттыру және бұл саладағы сын-қатерлердің алдын алу аса маңызды. Сондықтан бүгін қабылданған заң қылмыстық кірістерді азайтуды және ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруды көздейді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13