Биыл Қазақ елі Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Биыл Қазақ елі Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқиды

Биыл Қазақ елі Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқиды

Бейне қолжетімді емес

Биыл бүкіл ел Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның» атты повестерін оқиды. Бүгін арнайы комиссия биылғы жылдың үздік шығармаларын анықтау үшін ең озық деген 10-ға тарта кітапқа дауыс берді. 
 
«Бір ел, бір кітап» акциясының ережесі бойынша барлық аймақтардың ұсыныстары қабылданды. Дауысқа салу нәтижесінде Сайын Мұратбековтің повестері таңдалды.
 
Әлібек Асқар, Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры:
Жабық дауысқа түскен кезде Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» деген повесі таңдап алынды. Биыл енді жыл бойы кітапханалар мен мектептерде, сондай-ақ, оқу орындарында, тіпті әскери бөлімдерде де осы кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Бөлісу