Глазгода БҰҰ-ның климаттық саммиті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Глазгода БҰҰ-ның климаттық саммиті ашылды

01.11.2021

Шотландияның Глазгосында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммиті ашылды. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, 25 мың делегат тіркелген ғаламдық конференцияға дүниежүзінің 200-ге жуық елінен өкілдер қатысады.

Саммитте талқыланатын негізі мәселе – осы ғасырдың соңына дейін жаһандық температураны индустриалдық дәуірге дейінгі деңгейінен 1,5 градустан артық асырмау. Сонымен қатар, лидерлер атмосфераға тарайтын улы қалдықтарды азайту, Париж климаттық келісімін орындау ережелерін бекіту жолдарын да қарастырады.

Қарашаның 13-не дейін өтетін кездесудің жоғары дәрежедегі келіссөздері бүгін және ертең өтіп, оған әлемнің 100-ден астам мемлекетінің басшылары қатысады.

Саммитке Қытай мен Ресей президенттері барудан бас тартты. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың келмеуінен халықаралық жиын сәтсіздікке ұшырап отырған жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу