Глазгоға арктика мұзы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Глазгоға арктика мұзы жеткізілді

05.11.2021

БҰҰ-ның климаттық саммиті өтіп жатқан Глазгоға алып айсберг жеткізілді. 4 мың келі тартатын мұз ғаламдық жылыну құбылысына назар аудару үшін Гренландиядан кемемен әкелінген. Оны «Арктик Бейзкэмп» атты ғылыми белсенділер тобы жеткізді. Экология жанашырлары Саммитке қатысушыларды мұздықтардың еруін тоқтату үшін дұрыс шешім қабылдауға үндеді. Ғалымдардың сөзінше, Арктиканың мұзы ерісе, ғаламдық жылыну 25-40 пайызға дейін жылдамдауы мүмкін. Бұл проблема тек ақ аюларға емес, күллі әлемге қауіп төндіріп тұрғаны белгілі.


Хабарламаларға жазылу