БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Париж климаттық келісіміне қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Париж климаттық келісіміне қол қойылды

23.04.2016
БҰҰ-ның Бас ассамблеясында  Париж климаттық келісіміне қол қойылды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында дүниежүзінің 175 мемлекетінің өкілдері Париж климаттық келісіміне қол қойды.

Киото протоколының орнын басқан бұл құжат 2020 жылға дейін күшіне енуі тиіс. Оның мақсаты - жер шарында ауа температурасының тиісті мөлшерден жоғарылап кетуіне жол бермеу.

Ол үшін атомосфераға улы газ қалдықтарының тарауын шектеу және көмірқышқыл газын жұтатын орман алқаптарын көбейту шаралары қолға алынуы тиіс.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу