Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Таңсұлу» атты жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Пьеса - белгілі мемлекет қайраткері, академик Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» атты новелласының желісімен қойылған.
Бір бөлімді тың туынды ұлттық тақырып - ертеңгі ел анасы - қыз тағдырын қозғайды.
Тұтқынға түскен ару, өз еркімен сұлулығын тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да адал болады. Басына қиын күн туса да, мойымай, ұлының бойына бабалар рухын сіңіреді.
Пьеса көрерменді тарихи мазмұнымен ғана емес, көркем киім, ән-би, заманауи техникалық бояуларымен баурап алады.
Ғарифолла Есім, шығарма авторы:
Таңсұлу мені таңғалдырған тұлға, тарихи тұлға. Қазақтың қызы ел басына күн туа қалғанда не бере алады деген мәселе осы Таңсұлуда тұр. Соны осы бүгінгі қойылымнан іздеймін. Таңсұлу бүгінгі жастарға керек.
Жазира ИСАЕВА