Петропавлда 570 млн теңгеге жөнделген көпір жүруге жарамсыз болып қалған
Петропавлда 7 жыл бұрын 570 млн теңгеге бастан-аяқ жөнделген көпір жарамсыз күйге түсті. Енді ол қайта қалпына келтірілмек. Ол үшін бюджеттен тағы 21 млн теңге бөлінеді. Өйткені жөндеу жұмыстарының кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Бүгін қаланы Жұмысшы кентімен жалғайтын көпір уақытша жабылды. Жөндеу жұмыстарының қанша уақыт созылатыны белгісіз. Осыдан екі жыл бұрын деформациялық тігісте пайда болған жарық одан әрі үлкейіп кеткен. Жоспар бойынша нысан былтыр жөнделуі тиіс еді.
Әсем Айтолла, Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
Жазғы уақытта бірнеше рет сол жұмыстарды атқару үшін мердігер компанияларға байқау жарияланды, бірақ бұл жұмысты атқаруға ешкім табылған жоқ. Сондықтан да биыл қыркүйек айында ТОО «Магистраль СК» келісімшартқа қол қойылды. Жалпы бұл көпір 1961 жылы салынған. 2014 жылы толық жөндеу жасалды және міне 7 жылдан кейін орташа жөндеу жұмыстары жасалмақ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08