Румыния ауруханаларында орын жоқ
Румынияда Дельта штамы өршіп тұр. Бүгін бір тәулікте коронавирусты 19 мыңға жуық адам жұқтырып, індеттен 300-ден астам адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Румыния қазір індеттен қайтыс болушылардың саны бойынша әлемде алғашқы орында. Эпидахуалдың нашарлауына халықтың екпеге сенімсіздік танытып, салдыртпауы себеп дейді мамандар.
Кісі өлімі көбейгеннен кейін, соңғы екі күнде тұрғындар вакцина салдыртуға ағылып жатыр. Бір тәулікте екпені 150 мыңнан астам адам алған. Қазір ел ауруханаларында орын жоқ. Науқастар Венгрия, Польшаның емдеу мекемелеріне жатқызылуда. Еуроодақ елдері Румынияға дәрі-дәрмек, тыныс-алу аппараттарын жіберіп, қолдау көрсетіп жатыр.
Йона Луминица, екпе орталығының дәрігері:
Пандемияның бұл толқынынан қатты зардап шегіп жатырмыз. Ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандардың дені - екпе алмағандар. Сондықтан халыққа айтарымыз - жалған ақпаратқа сенбей, екпе салдыруға асығыңыздар. Бұл дағдарыстан шығудың жалғыз жолы - вакцина.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48