Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған
Ақтауда қант диабетіне шалдыққан кейбір науқастар тегін дәріден қағылып қалды. Шамамен 20 адам аталған дертпен күресу үшін көп жылдан бері «Трулисити» препаратын қолданып келген. Алайда биылдан бастап бұл дәрі-дәрмек тегін берілетін препараттар тізімінен алынып қалды. Соның салдарынан науқастардың қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, денсауығы нашарлай бастаған. Ал дәріні өз қаражатына алайын десе, дәріханаларда сатылмайды. Шетелден алдыру қымбат. Сондықтан олар «Трулисити» препаратын қайтаруды сұрайды. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы бұл дәрінің диабетті емдейтін препараттар қатарына кірмейтінін айтады.
Жанар Төлебаева,
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
бойынша бас маманы:
Бұл препарат әрқашан қосымша ем ретінде қолданылып келген. Қазіргі таңда тиісті бұйрыққа сәйкес, бізде қант диабетін емдеуге арналған 9 препарат және 7 түрлі инсулин бар. Науқастарға «Трулиситиге» балама препаратқа көшуге кеңес береміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16