Таразда «Таза тыныс» саябағы ел игілігіне беріледі
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында енді «Таза тыныс» саябағы ел игілігіне беріледі. Жаңа тынығу орнының атауын Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері ұсынып отыр. Қала әкімдігі аталған оқу орны аумағындағы гүлзар айналасын абаттандыруды қолға алды. «Гидрокешен» маңындағы шағын саябақты салу бойынша жергілікті билік пен университет былтыр күзде меморандум жасаған. Ал бүгін демалыс кешенін көгалдандыруға қала тұрғындары, еріктілер мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Олар 250 түп ағаш отырғызды. Шарапатты шара Қаныш Сәтпаев көшесіндегі №17 және №19 үйдің маңына дейін жалғасты. Енді жаңа саябақ жыл соңына жетпей ашылады.
Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі:
Саябақтың құрылысы толық жүріп жатыр. Ол екі кезеңмен жүреді. Бірінші кезекте саябақтың құрылысы. Ол жерде осы аумақтың тұрғындарына демалыс орындары, балаларға футбол алаңдары, баскетбол алаңдары, кішкентай балаларымызға ойын алаңдары, ал ақсақалдарымызға тыныштық аумағы бар.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16